Kaspi донаты эфирге бірден шығады

Көрермен Kaspi-іңізге ақша аударады. Хабарлама телефоннан компьютерге келеді, Шабыт оны ұстап алып, стримде алерт, дауыс және виджеттер етіп көрсетеді. Донат бетінің, комиссияның қажеті жоқ.

Windows үшін жүктеу Тегін · Windows 10/11 · 33 МБ
LIVE
₸
Асқар Б. 2 000 ₸ жіберді
Сәлем, керемет стрим!
Связь с телефоном
Kaspi.kzВы получили перевод: 2 000 ₸ от Асқар Б. Комментарий: Сәлем, керемет стрим!

Стримге керектің бәрі бір бағдарламада

Бағдарлама компьютеріңізде жұмыс істейді. Тіркелу, донат беті, серверлер жоқ: ақша тікелей сіздің Kaspi-іңізге түседі.

Үш қадаммен іске қосу

Жүктеп, ашыңыз

Shabyt.exe файлын екі рет басыңыз. Орнатудың қажеті жоқ, кабинет браузерде өздігінен ашылады.

Телефонды қосыңыз

Windows-тағы «Связь с телефоном» бағдарламасы арқылы телефонды қосып, хабарламаларды көрсетуді іске қосыңыз. Android та, iPhone да болады.

OBS-ке қосыңыз

Кабинеттегі виджет сілтемесін OBS-те Browser Source етіп қойыңыз. Тест алерт басып тексеріңіз, болды.

16 виджет дизайны

Топ донатерлер, мақсат жолағы, соңғы донаттар және алерт бір стильде. Дизайнды кабинеттен бір батырмамен ауыстырасыз.

Бағасы

Тегін

0 ₸
  • Kaspi донаттарын автоматты ұстау
  • Алерт, дыбыс, дауыспен оқу
  • Мақсат, күн және ай топтары, соңғы донаттар, жүгіртпе жол
  • Сабатон таймері және рулетка
  • 3 дизайн, 12 дыбыс, 8 анимация
Жүктеу

Стандарт

2 990 ₸ / ай
  • Тегіндегінің бәрі
  • +6 дизайн: Дала, Шыны, Ретро, Тактикалық шутер, Батл-рояль, Пиксель аркада
  • Өз GIF пен дыбыстарыңыз, 300 файлға дейін
  • +20 дыбыс және 20 анимация
Telegram-да сатып алу

PRO

5 990 ₸ / ай
  • Стандарттағының бәрі
  • Музыкаға тапсырыс: YouTube сілтемесімен
  • +7 дизайн: Неон, Металл, Брутализм, Кибер, Фэнтези, Хоррор, Жарыс
  • +25 дыбыс және 25 анимация: Күй, Шаңқобыз, Сыбызғы, Шаңырақ, Бүркіт
Telegram-да сатып алу

Қалай сатып алуға болады: бағдарламаны жүктеп, кабинеттегі «Тариф» бөлімінен құрылғы кодын көшіріңіз. Оны Telegram-да @shabytkzdon контактісіне жіберіңіз. Төлегеннен кейін кілт келеді, оны «Тариф» бөліміне қойсаңыз болды.

Жиі қойылатын сұрақтар

Windows «компьютеріңізді қорғады» деп ескертеді. Не істеймін?

Бағдарлама әзірге цифрлық қолтаңбасыз, сондықтан Windows оны танымайды. «Подробнее» → «Выполнить в любом случае» басыңыз.

Кабинетке қалай кіремін?

Shabyt.exe-ні іске қосыңыз, кабинет браузерде өзі ашылады. Кейін қайта ашу үшін сайттағы «Кабинет» батырмасын басыңыз немесе браузерде localhost:3000 деп жазыңыз. Бағдарлама қосулы тұруы керек.

Ақша қайда түседі? Комиссия бар ма?

Көрермен тікелей сіздің Kaspi-іңізге аударады. Шабыт ақшаға тиіспейді, тек хабарламаны оқып, алерт көрсетеді. Комиссия жоқ.

iPhone-мен жұмыс істей ме?

Иә. Windows 11-дегі «Связь с телефоном» iPhone-ды Bluetooth арқылы қосады, хабарламалар компьютерге келеді.

Шығыс аударымдар мен сатып алулар алерт болып кетпей ме?

Жоқ. Шабыт тек кіріс аударымдарды алады: «Вы перевели», «Списание», «Покупка» сияқтылар өткізіледі. Бір хабарлама екі рет келсе, бір рет саналады.

Компьютерсіз болмай ма?

Android-та «Шабыт көпір» қосымшасы бар, ол хабарламаны телефоннан тікелей жібереді. Бірақ виджеттер бәрібір Шабыт бағдарламасы ашық компьютерде жұмыс істейді.

Алғашқы Kaspi донатыңызды эфирде көрсетіңіз

Windows үшін жүктеу